"Қазақстан барысының" жүлдегерлері қанша сыйақы алады?

"Қазақстан барысының" жүлдегерлері қанша сыйақы алады?
Фото: massaget.kz

«Қазақстан Барысы» - бұл жай спорттық жарыс емес, бұл қазақ өнерін, тариxын және мәдениетін танытатын дода. Биылғы балуандар бәсекесі 2 шілде күні Астанадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде өтеді. 

2017 жылғы «Қазақстан барысы» жарысында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қанша сыйақы табысталатыны анықталды.

Қазақ күресінен басты додадағы сыйақы мөлшері:

Әр белдесудегі жеңіс үшін – 100 000 теңге

3-ші орын - 1 800 000 теңге

Жаттықтырушысына – 900 000 теңге

2-ші орын – 5 500 000 теңге

Жаттықтырушысына – 1 800 000 теңге

1-ші орын – 25 000 000 теңге

Жаттықтырушысына – 3 500 000 теңге

Айта кетейік, «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі биыл жетінші рет ұйымдастырылып отыр. Бейбіт Ыстыбаев (2012, 2015, 2016) үш рет жеңіске жеткен алғашқы балуан. Сонымен қатар, Ұлан Рысқұл (2011), Айбек Нұғымаров (2013) және Мұхит Тұрсыновтар (2014) бір-бір рет жеңімпаз атанды.

Ө. Сансызбай