Головкин өнерін жоғары бағалайтын футболшылардың есімін атады

Головкин өнерін жоғары бағалайтын футболшылардың есімін атады
Фото: vk.com (Геннадий GGG Головкин)

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына ие Геннадий Головкин Мадридтің "Реал" футбол клубына жанкүйерлік танытады. Боксшы "Sirius XM" радиосына берген сұхбатында да корольдік клубқа қатысты сұрақтарға жауап беріп, өнерін жоғары бағалайтын футболшылардың есімін атады.

- "Реал" – үздік команда! Оның ішінде Серхио Рамос пен Криштиану Роналдудың өнерін жоғары бағалаймын. Серхио – нағыз ер. Жігітке тән мінезі бар команда көшбасшысы, әрі үлгілі әке. Ал Роналду жайлы бір ауыз сөзбен айтсақ, ол – үздік!

Отандасымыз Месси мен Зиданға қатысты сұрақтарға да жауап берді.

- Мен жылдамдық пен күш салғанды жақсы көремін. Месси де мықты ойыншы. Бірақ сәл өзгешелеу.

Зиданның жаттықтырушылық қызметі ұнайды. Ақылды бапкер. Екі жыл қатарынан Чемпиондар лигасында жеңімпаз атануы – өте қуанарлық жағдай, - деді боксшы.

Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы жекпе-жек 16 қыркүйек АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді. Отандасымыз орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайтын болады. 

Ө. Сансызбай