Мейвезер - МакГрегор жекпе-жегінің билеттері қанша тұрады?

Мейвезер - МакГрегор жекпе-жегінің билеттері қанша тұрады?
Фото: MMANews.info

Бокстан әлемнің бұрынғы чемпионы Флойд Мейвезер мен UFC жұлдызы Конор МакГрегор арасындағы кездесудің билеттері қанша тұратыны белгілі болды.

"Stub Center" сервисінің ұсынған бағалары бойынша бұл жекпе-жектің ең арзан билетінің құны 2200 доллар болса, ең қымбат билеттердің құны - 70 879 доллар екен. Ең қымбат тилеттер рингсайдта орналасқан. "Stub Center" қазірдің өзіне өз клиенттеріне билеттердің келіп түскені туралы хабар беріп үлгерген.

Айта кетейік, 15 маусымда Флойд Мейвезер мен Конор МакГрегор арасындағы жекпе-жек 26 тамыз күні Лас-Вегаста өтеді. АҚШ-та бұл кездесуді Showtime арнасы ақылы жүйе (PPV) арқылы көрсетеді.

Ө. Сансызбай