Чемпиондар лигасының 10 үздік голы (видео)

Чемпиондар лигасының 10 үздік голы (видео)
Фото: AS English - Diario AS

Еуропалық футбол қауымдастықтары Одағының (УЕФА) техникалық бақылау комитеті Чемпиондар лигасының осы маусымындағы ең үздік голдарды анықтады. Бірінші орынға финалда Марио Манджукичтің "Реал" қақпасына соққан голы орналасқан.

Үздік голдарды анықтайтын техникалық бақылау комитетінде Кристиан Киву (Румыния), Стефан Маевски (Польша), Миксу Паателайнен (Финляндия), Алекс Фергюсон, Иоан Лупеску және Деян Станкович (УЕФА) қызмет жасайды.

10 үздік гол тізімі:

1. Марио Манджукич ("Ювентус"- "Реал" 1:4) - финал, 3 маусым 2017 жыл;
2. Каземиро ("Реал" - "Наполи" 3:1) – 1/8 финалдың бірінші ойыны, 15 ақпан 2017;
3. Томас Дилейни ("Копенгаген" - "Брюгге" 4:0) – топтық кезең, 27 қыркүйек 2016;
4. Арьен Роббен ("Бавария" - "Арсенал" 5:1) – 1/8 финалдың бірінші ойыны, 15 ақпан 2017;
5. Гонсало Игуаин ("Монако" - "Ювентус" 0:2) –  1/2 финалдың бірінші ойыны, 03 мамыр 2017;
6. Месут Озил ("Лудогорец" - "Арсенал" 2:3) – топтық кезең, 1 қараша 2016;
7. Антуан Гризманн ("Атлетико" - "Ростов" 2:1) – топтық кезең, 1 қараша 2016;
8. Дани Алвес ("Ювентус" - "Монако" 2:1) – 1/2 финалдың қарымта кездесуі, 9 мамыр  2017;
9. Криштиану Роналду ("Реал" - "Спортинг" 2:1) – топтық кезең, 14 қыркүйек 2016;
10. Алексис Санчес ("Арсенал" - "Лудогорец" 6:0) – топтық кезең, 19 қазан 2016;

Айта кетейік, осы маусымдағы Чемпиондар лигасын Мадридтің "Реал" футбол клубы ұтып алды. Команда екі жыл қатарынан жеңімпаз атанған алғашқы команда болды. 

2017 жылғы маусымның қорытындысы бойынша үздік құрам төмендегідей:

Қақпашылар: Джанлуиджи Буффон («Ювентус»), Ян Облак («Атлетико»).

Қорғаушылар: Леонардо Бонуччи («Ювентус»), Дани Карвахаль («Реал»), Марсело («Реал»), Серхио Рамос («Реал»), Диего Годин («Атлетико»).

Жартылай қорғаушылар: Касемиро («Реал»), Тони Кроос («Реал»), Лука Модрич («Реал»), Иско («Реал»), Миралем Пьянич («Ювентус»), Тьемуа Бакайоко («Монако»).

Шабуылшы: Криштиану Роналду («Реал»), Лионель Месси («Барселона»), Антуан Гризманн («Атлетико»), Килиан Мбаппе («Монако»), Роберт Левандовски («Бавария»).

Ө. Сансызбай