«Қайрат» құрамын тағы бір бразилиялық ойыншы толықтырды

«Қайрат» құрамын тағы бір бразилиялық ойыншы толықтырды

«Қайрат» шағын (мини) футбол командасы УЕФА кубогінің элиталық кезеңіне жаттығу жұмыстарын аяқтады. Біздің команда келер аптаның басында Сербия еліне аттанады. Ол жақта «Қайрат» 10 қазан күні «Слов-Матик» (Словакия), 11 қазан күні Хрудим» (Чехия) және 13 қазан күні жергілікті «Экономац» командасына қарсы ойнайтын болады.

Бүгін Алматы қаласының Ұлттық Олимпиада комитетінде «Қайрат» командасы Сербиядағы элиталық кезеңге аттанар алдында тілшілерді жинап, баспасөз мәслихатын өткізіп, бірнеше сұрақтарға жауап берді.
— Элиталық кезеңдегі жеребеге көңілдеріңіз толады ма?

«Қайрат» ШФҚ бас бапкері Жоао Карлос Барбоза:

— Ия. Менің ойымша, жеребе сәтті тартылды. Басқа топтармен салыстырғанда, біздің тобымыз әлдеқайда жеңіл.
«Қайрат» ШФҚ Президенті Қайрат Оразбеков:

—  Команданың бас бапкерімен толықтай келісемін. Былтырғы жеребеге қарағанда биылғы жеребе біздің команда үшін сәтті. Өткен маусымда біз Ресей жерінде ойнаған болатынбыз. Бұл маусымда топтық кезеңді енді Сербияда өткіземіз. Дегенмен біздің квартеттегі клубтардың деңгейі төмен деуге болмайды. Барлық командалармен ойнағанбыз. Қарсылас ұжымдардың сапында да мықты ойыншылар жетерлік.  

— Өткен маусыммен салыстырғанда, биыл команданың құрамы өзгерді ме?
Жоао Карлос Барбоза:

 -Команда құрамы айтарлықтай өзгерген жоқ. Тек Жоан Дос Сантос Нуньес ғана клубқа қосылды. 

Қайрат Оразбеков:
Мен дәл қазір ойша бес жылға кейін шегінгім келіп отыр. Бес жыл бұрын біздің команда қандай болатын? Еуропалық клубтармен иық тірестіріп ойнай алмайтын еді. Сол сәттен бастап біз команданың құрамын күшейту үшін қыруар жұмыстар жасадық. Соның жемісі ретінде екі рет УЕФА кубогінің үшінші сатысынан көріндік. Әрине, біз команданы толықтай жасақтау үшін әлі де болса, біршама жұмыс жасау керекпіз. Жоаның біз үш жыл бұрын «Қайрат» сапында ойнағанын қалаған едік. Дегенмен ол кезде бұл жігіттің басқа командамен шартнамасы бар еді. Енді міне, Жоан Дос Сантосты өз қатарымызға қостық. Қазіргі таңда біз тек мәскеулік «Динамомен» ғана бәсекелесе алмайтын шығармыз. Бірақ менің арманым «Динамо» емес, «Барселонаны» ұту.

 

Жиын барысында команда сапына жаңадан қосылған Жоан Дос Сантос Нуньес жанкүйерлерге таныстырылды.  Жоан Дос Сантос Нуньес «Қайрат» ШФК «Қайрат » ШФК жаңа ойыншысы:
— Команданың президенті жоғарыда осыдан үш жыл бұрын Қазақстанға келуім туралы дұрыс айтты. Мен ол кезде мәскеулік «Динамоның» ойыншысы едім. Ресейлік командамен шартнамам бітісімен, «Қайрат» басшылары маған ұсыныс жасады. Мен бірден келістім. Маған және менің жанұяма Алматы қаласы қатты ұнады. Мен УЕФА-ның кубогін «Динамо» сапында ұтқанмын. Ендігі басты мақсат бұл кубокті «Қайратпен» ұту.

— Маусымның басында «Қайрат» ішкі біріншілікте бірнеше кездесулер өткізді.  УЕФА Кубогі элиталық кезеңінің алдында жігіттер шаршап қалған жоқ па?

Жоао Карлос Барбоза:
— Жоқ. Өйткені, Қазақстан біріншілігінің аясындағы кездесулерде команда сапында тек төрт қана легионер ойнады. Ал УЕФА кубогінде легионерлерге шектеу жоқ. Біз элиталық кезеңде өткізетін әрбір ойынға жоспар дайындап жатырмыз.
Қайрат Оразбеков:
— Біздің команданың сапында тоғыз бразилиялық жігіт доп теуіп жүр. Команда қатарына кіл мықты дегендерді ғана шақырамыз. Сол жігіттермен бірге жаттығу жасап жүріп, отандық шағын футбол шеберлері де шыңдалып жатыр. Сонымен қатар бразилиялық жігіттерді ұлттық құрамаға да шақыртуымыз мүмкін. Игита, Жива және Лео жуық арада Қазақстан азаматтығын алуы мүмкін.


Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет:amfr.ru

У. ҚОСАНБАЙ