Месси "Барселонада" көргісі келетін футболшылардың тізімін жасады

Месси "Барселонада" көргісі келетін футболшылардың тізімін жасады
Фото: LiveSport.Ru

Каталондық "Барселонаның" көшбасшысы Лионель Месси командасында көргісі келетін футболшылардың тізімін жасады. Футболшы алдағы трансфер кезінде осы ойыншыларды сатып алуын өтінген.

Команда алдағы уақытта қорғаушы, жартылай қорғаушы, плеймейкер және шабуылшы іздестірмек екен.  Месси бұл орындарға лайықты ойыншыларды таңдап үлгерген. Ол қорғаушы Эктор Бельерин ("Арсенал") мен жартылай қорғаушы ретінде Марко Вератти ("ПСЖ") және Бернарду Силваның ("Монако") келгенін қалайды. Ал плеймейкер қызметін Филиппе Коутиньо ("Ливерпуль") атқара алатынына сенімді. Бірақ ағылшындық клуб өз ойыншысын сатпайтынын мәлімдеп үлгерді. Шабуыл шебіне Килиан Мбаппенің ("Монако"), болмаса Усман Дембеленің ("Боруссия Дортмунд") келгенін жөн санайды.

Айта кетейік, осыған дейін Криштиану Роналду да "Реалда" көргісі келетін футболшылардың тізімін жасаған болатын.

Ө. Сансызбай