Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Бұл қызық / Месси "Барселонадан" үш футболшының кеткенін күтіп жүр

Месси "Барселонадан" үш футболшының кеткенін күтіп жүр

Месси

Танымал футболшы Лионель Месси "Барселона" клубымен келісімшартын ұзартуға асығар емес. Ол команда басшылығына арнайы талап қойып отыр екен.

"Sky Sports" арнасының хабарлауы бойынша, аргентиналық сұрмерген клуб басшыларына Люк Динь, Жереми Матье және Андре Гомештің командадан кетуін талап еткен. Егер клуб басшылары Мессидің бұл талабын орындамаса, шабуылшы келісімшартты ұзартудан бас тартады екен. Өйткені, бұл үш футболшы клубтың ойнау мәнеріне сай келмейді-міс. Сондай-ақ команданың бас жаттықтырушысы Луис Энрикенің де қызметінен кетуін айтқан.

Айта кетейік, Люк Динь мен Андре Гомеш "Барселона" сапына 2016 жылдың жазында келіп қосылған еді. Ал Жереми Матье болса каталондық клуб сапында 2014 жылдан бері ойнап келеді.  

Мессидің 2018 жылдың жазына дейін "Барселонамен" келісімшарты бар. Каталондық клуб 29 жастағы аргентиналық шабуылшыға жаңа келісімшарт ұсынып отыр. Бірақ ол әлі нақты жауабын берген жоқ. Егер Месси клубтың жаңа келісімшартын қабылдайтын болса, онда әлемдегі ең көп жалақы алатын футболшы атанатын болады.

Фото: Alemihaber
Қосылған күні: 21 ақпан 2017, 17:54

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.