Киберспорт қалай пайда болды?

Киберспорт қалай пайда болды?
Фото: games.mail.ru

Қазіргі таңда технологияның жылдам әрі қолайлы түрде дамып жатқанын жақсы білеміз. Осының арқасында көптеген шаруа жылдам тәмамдалып, жұртшылыққа пайдасын тигізіп жатыр. Компьютерлік ойындардың да дәурені жүріп тұр.  Қазіргі уақытта белгілі бір ойындар қарқынды дамуының арқасында киберспорт атауымен тағы бір жаңа ойын түрі қоғамға еніп кетті. Киберспорт дегеніміз – бір адамның екінші бір адаммен компьютерлік ойын арқылы жарысқа түсуі.

Ең бірінші мұндай спорт түрінен сайысқа түсетін командалар "Doom 2" ойынымен бастаған. Ары қарай даму мақсатында ғаламторда жақсы істейтін "Quake" ойыны көпшілікке танымал бола бастады. 1997 жылы кеңінен тарала бастаған ойынның WCG, ESL деген бөлімдері де құрылды. Бір қарағанда баланың ермегі іспетті көрінетін компьютерлік ойындардың бүгінгі таңда аяқ алысы жаман емес. Белгілі бір командалар құрылып, нақты бір мақсат жолында ұйымдасқан адамдар экранның келесі бетіндегі қарсыласын жеңу үшін түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланады. 

Көкейіңізде "неге киберспорт ойыны жоғары статусқа ие?" деген сұрақ туындауы мүмкін. Оның барлық жағынан өз кереметі мен белгілі бір қаржылық турнирлері бар. Оған қызыққан жандардың арасында өзге кәсіпті ысырып тастағандар да жетерлік. 

Жалғасы бар...

B. ZHAQSYMBET