Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол МОЛДАЖАН

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Бұл қызық / Қазақстандық спортшылар Универсиададан қанша табысқа кенелді?

Қазақстандық спортшылар Универсиададан қанша табысқа кенелді?

Қазақстандық спортшылар Универсиададан қанша табысқа кенелді?

Алматыда өткен қысқы Универсиада ойындарында жүлделі орыннан көрініп, ел абыройын асырған спортшылар мемлекет тарапынан берілетін сыйақыдан құр алақан қалмайды. Бұл туралы Қазақстанның спорт және мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жарыс басталмай тұрып хабарлаған болатын.

Универсиада ойындарында топ жарып, бірінші орын алған қазақстандық спортшы 4,9 миллион теңге көлемінде қаржылай сыйақы алады. Ал, екінші орын үшін - 3,3 миллион теңге, үшінші орын иемденген спортшыға 1,6 миллион теңге сыйақы беріледі. Сонымен қатар топ жарған спортшылардың жаттықтырушыларына да сыйақы беріледі.

Алматыдағы Универсиада ойындарында қазақстандық спортшылар барлығы 36 медаль жеңіп алды. Алтын медаль жеңіп алған спортшылар үшін 63 миллион 700 мың теңге, күміс медаль алған спортшылар үшін 125 миллион 400 мың теңге, қола жүлдегерлер үшін 40 миллион теңге мемлекет қазынасынан бөлінетін болады. Яғни, спортшылар үшін 229 миллион 100 мың теңге төленеді. Дәл осындай көлемде спортшылардың жаттықтырушылары да сыйақы алатын болады. Барлығын қоса есептегенде мемлекет тарапынан сыйақыға 458 миллион 200 мың теңге бөлінетін болады.

Құрама сапындағы ең көп сыйақыны биатлоншы Галина Вишневская алады. Ол Универсиада ойындарында 2 алтын 2 күміс жүлдесінің қорытындысы бойынша 16 миллион 400 мың теңге табысқа кенелетін болады.

Шаңғышы қыз Анна Шевченко да Алматыдағы Универсиада ойындарында сәтті өнер көрсетті. 1 алтын 1 күміс 2 қола медаль жеңіп алғаны үшін 13 миллион теңгеге қалтасын қалыңдатады.

Фристайлдың могул түрінен Дмитрий Рейхард пен Юлия Галышева айқын фавориттер болатын. Олар бұл үддеден шыға білді. Спортшылар екі алтын медальдан жеңіп алды. Нәтижесінде мемлекет тарапынан 9 миллион 800 мың теңге сыйақы алатын болады.

Айта кетейік, кеше аяқталған Универсиада ойындарында Қазақстан құрамасы өз тарихындағы үздік нәтижесіне қол жеткізіп, жалпыкомандалық есепте екінші орын алған болатын. 

Қосылған күні: 09 ақпан 2017, 10:21

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.