Головкин мен Брук бірдей сыйақы алады

Головкин мен Брук бірдей сыйақы алады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин 10 қыркүйек күні Лондонда Келл Брукпен жұдырықтасқаны үшін үш миллион фунт стерлинг (төрт миллион доллар) сыйақы алады. Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлады.

GGG осыған дейін Доминик Уэйд пен Давид Лемьеге қарсы өткізген жекпе-жектерінде екі миллион доллар көлемінде табысқа кенелген. Ал британдық боксшымен өтетін жекпе-жекте алатын сыйақысы рекордтық көрсеткіш саналып отыр.

Геннадий Головкинмен жұдырықтасқаны үшін Келл Брук та үш миллион фунт стерлинг (төрт миллион доллар) көлемінде сыйақы алатыны осыған дейін хабарланған болатын. Қос боксшы арасындағы шаршы алаңдағы шайқасы Лондондағы «О2» аренасында өтеді. 

О. Сансызбай