Бауыржан Исламханның голы үздік деп танылды (видео)

Бауыржан Исламханның голы үздік деп танылды (видео)
Фото: today.kz

«Қайрат» футбол клубының капитаны Бауыржан Исламханның Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Шотландияның «Абердин» клубының қақпасына соққан голы «BT Sport» телеарнасының таңдауы бойынша үздік деп танылды.

Британдық арна жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша қазақстандық ойыншының соққан голы 86 % дауысқа ие болған. Ал «Ливерпуль» ойыншысы Фелип Коутиньюдің соққан голы - 7 %, Арис Адуристікі («Атлетик») 3 % дауысқа ғана ие болған.

Айта кетейік, түнде өткен Еуропа лигасының финалдық кездесуінде испандық «Севилья» ағылшындық «Ливерпульді» 3:1 есебімен жеңіп, үшінші жыл қатарынан чемпион атанған болатын.

Ө. Сансызбай