Роналдудың «Камп Ноуда» соққан 9 голы (видео)

Роналдудың «Камп Ноуда» соққан 9 голы (видео)
Фото: eurosport.ru

Бүгін түнде футбол жанкүйерлері асыға күткен каталондық «Барселона» мен мадридтік «Реал» арасындағы тартысқа толы ойын өтеді. Сондай-ақ, әлем жұртшылығы Месси мен Роналдудың жасыл алаңдағы бір-біріне қарсы ойнаған кезекті текетіресін көретін болады.

«Эль-классикода» ең көп гол соққан ойыншы - Лионель Месси. Ол мадридтік клуб қақпасына 21 гол соққан. Ал Криштиану Роналду аргентиналық сұрмергеннен 6 гол аз соққан. Оның 9-н «Камп Ноуда» өз еншісіне жазған. Жақында мадридтік клубтың баспасөз қызметі португалдық ойыншының осы тоғыз голынан құралған бейнеролик жариялады. Соны назарларыңызға ұсынамыз.

Ө. Сансызбай