Месси Мұртазаға сый жасады

Месси Мұртазаға сый жасады
Фото: vesti.kz

Каталондық «Барселона» мен Аргентина ұлттық құрамасының шабуылшысы Лионель Месси әлеуметтік желіде әлем назарын аударған ауғанстандық бала Мұртазаға сый жасады.

«Unicef Afghanistan» таратқан ақпарат бойынша, әлемнің үздік футболшысы Мұртаза мен оның отбасына қолтаңбасы қойылған жейдесін беріп жіберген.  

- Мен Мессиді жақсы көремін, ал маған сыйға тартқан жейдеде мені Мессидің жақсы көретіні жазылған, - дейді Мұртаза басылымдарға берген сұқбатында.

Айта кетейік, Лионель Месси БҰҰ-ның балалар қоры (UNICEF) жөніндегі ұйымының белді мүшелерінің бірі. 

Ө. Сансызбай