Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Бұл қызық / Месси «Алтын допты» бесінші рет алады

Месси «Алтын допты» бесінші рет алады

Месси «Алтын допты» бесінші рет алады

2015 жылғы «Алтын доп» марапатына үміткер үш футболшы белгілі болды. Олардың екеуі сөзсіз Лионель Месси мен Криштиану Роналду болса, үшіншісі – Неймар.

Испан басылымы «El Mundo Deportivo» осыған дейін «Алтын допқа» үміткер үштік ретінде осы үшеуінің есімін атаған болатын. Ал биылғы «Алтын допты» Лионель Месси алады деп болжаған-ды. Басылым жүргізген арнайы сауалнамаға 25 елдің 100-ге жуық ойыншылары мен жаттықтырушылары, футбол ардагерлері қатысқан. Нәтижесінде аргентиналық сұрмерген 500 ұпайдың 414-не ие болған. Ал Криштиану Роналду болса 212,5 ұпай жинаса, үштікті 95,5 ұпаймен Неймар қорытындылапты.

Лионель Мессидің осы маусымда сәтті өнер көрсеткенін Криштиану Роналду да мойындайды. Осыған дейін берген сұхбаттарының бірінде, «Алтын допты» Месси алады деген-ді. Десе де футболшы дауыс беру қорытындысы бойынша анықталатынын айта кетіп, жеке ойыншыға берілетін марапаттан үмітін үзбейтінін айтқан болатын.

Айта кетейік, бұл маусымдағы «Алтын доп» иегері 2016 жылдың 11 қаңтарында Швейцарияның Цюрих қаласында анықталады. Жекелей ойыншыға берілетін сыйлық Месси, Роналду, не Неймардың біріне бұйыратын болады. Негізінен «Алтын доп» иегері ұлттық құрамалардың бас бапкері мен команда капитаны, және ФИФА қауымдастығына мүше бір тілшінің дауыс беруі арқылы анықталады.

Фото: eurosport.ru
Қосылған күні: 01 желтоқсан 2015, 00:28

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->