АҚШ-та балалар футболына қатысты қатаң шешім қабылданды

АҚШ-та балалар футболына қатысты қатаң шешім қабылданды
Фото: eurocups-uefa.ru

АҚШ-та балалар футболына қатысты қатаң шешімдердің бірі қабылданды. 15 айға созылған сот ісінен кейін елдің футбол қауымдастығы 10 жастан бастап қана балалардың баспен футбол ойнауына рұқсат алды.

2014 жылы ата-аналар мен ардагер ойыншылар АҚШ-та жасөспірімдердің баспен футбол ойнауына байланысты шағымданып, сотқа арыз тастаған болатын. Өйткені, елде соңғы 4 жыл ішінде ойын кезінде миы шайқалып, ауыр жарақат алған балалардың саны едәуір артқан. Нәтижесінде сот 10 жасқа толмаған жас футболшыларға ойын кезінде баспен ойнауға тыйым салып отыр. Ал 11-13 жас аралығындағы ойыншыларға ресми ойындар кезінде ғана баспен ойнауына рұқсат етілді.

Айта кетейік, осыған дейін елімізде футбол спортын мектептегі міндетті пәндердің қатарына енгізу туралы ұсыныс айтылған болатын. 

Н. Үсенова
Logotype Massaget