Аргентиналық боксшы YouTube жұлдызы болды

Аргентиналық боксшы YouTube жұлдызы болды
Фото: бокс, аргентина, нокаут, соққы, соккы, мартинес

Аргентиналық боксшы Маркос Мартинес Доминикан спортшысы Браулио Родригеспен жекпе-жегінен кейін YouTube жұлдызына айналды, - деп хабарлайды Lenta.ru. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

8 тамызда Уругвайдың Монтевидео қаласында  өткен жекпе-жектің видеосын 1,5 миллион адам көріп үлгерді. Жекпе-жектің екінші раундында Родригес техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Аргентиналық боксшы рингте нокаутқа түсті. Дегенмен, видеодан Мартинеске бірде-бір соққының тимегенін көруге болады.

М. Бисембаева