Әлемде «Реалдан» «Барселонаның» жанкүйерлері көп

Әлемде «Реалдан» «Барселонаның» жанкүйерлері көп
Фото: nubdish.blogspot.com

Жанкүйерлер саны ең көп футбол клубтарының рейтингі жарияланды. Бұл тізімде бірінші орынға ағылшындық «Манчестер Юнайтед» орналасқан.

«Қызыл сойқандардың» әлемде 345 000 000 миллион жанкүйері бар болып шықты. Екінші орынға каталондық «Барселона» орналасқан. «Блаугранаға» әлемде 270 000 000 миллион адам жанкүйерлік танытады екен. Үштікті 174 000 000 миллион жанкүйермен «корольдік клуб» түйіндеп тұр.

Әлемде жанкүйерлері көп 10 клуб:

1. «Манчестер Юнайтед» - (345 000 000 миллион)

2. «Барселона» - ( 270 000 000 миллион)

3. «Реал Мадрид» - (174 000 000 миллион)

4. «Челси» - (135 000 000 миллион)

5. «Арсенал» - (113 000 000 миллион)

6. «Милан» - (99 000 000 миллион)

7. «Ливерпуль» - (71 000 000 миллион)

8. «Интер» - (49 000 000 миллион)

9. «Бавария» - (24 000 000 миллион)

10 «Ювентус» - (20 000 000 миллион)

О. Сансызбай