Әлемдегі ең қымбат 10 спорттық клуб

Әлемдегі ең қымбат 10 спорттық клуб
Фото: sports.ru

Әлемдегі ең қымбат 10 спорттық клубтың рейтингі жарияланды. Әйгілі «Forbes» журналының сараптамасы бойынша Испанияның «Реал» футбол клубы рейтингте үшінші жыл қатарынан көш бастады.

«Корольдік клубтың» жалпы құны 3,26 миллиард долларды құрайды. Бір айта кетерлігі рейтингте нарықтық баға мен ішкі біріншіліктен түсетін табыс есептелмеген. «Реалдан» кейінгі екінші және үшінші орындарға америкалық «Даллас Ковбойс» футбол командасы мен «Нью-Йорк Янкис» бейбол клубтары орналасқан. Екі ұжымның да жалпы құны - 3,2 миллиард доллар. Ал мадридтік клубтың басты бәсекелесі «Барселона» болса 3,16 миллиард доллармен төртінші орынға жайғасқан.

«Forbes» журналы сараптамасы бойынша түзілген әлемдегі ең қымбат 10 спорттық клуб:

1. «Реал» (футбол) – 3.26 миллиард доллар

2-3. «Даллас Ковбойс» (америкалық футбол) – 3.2 млрд

2-3. «Нью-Йорк Янкис» (бейсбол) – 3.2 млрд

4. «Барселона» (футбол) – 3.16 млрд

5. «Манчестер Юнайтед» (футбол) – 3.1 млрд

6-7. «Лос-Анджелес Лейкерс» (баскетбол) – 2.6 млрд

6-7. «Нью-Ингленд Пэтриотс» (америкалық футбол) – 2.6 млрд

8. «Нью-Йорк Никс» (баскетбол) – 2,5 млрд

9-10. «Лос-Анджелес Доджерс» (бейсбол) – 2.4 млрд

9-10. «Вашингтон Редскинс» (америкалық футбол) – 2.4 млрд 

Ө. Сансызбай