«Уимблдонда» ең ыстық ауа-райының рекорды тіркелді

«Уимблдонда» ең ыстық ауа-райының рекорды тіркелді
Фото: wimbledon.com

«Үлкен дулыға» санатындағы ірі теннис додаларының бірі «Уимблдон» (Ұлыбритания) тарихында ең ыстық ауа-райының рекорды тіркелді. Кеше кортқа шыққан теннисшілер 35,7 градус ыстықта ойнаған.

«Kew Gardens» бағында орналасқан метеостанция 1 шілде күні ең ыстық ауа-райының көрсеткіші тіркелгенін мәлімдеді. Цельсий бағамы бойынша 35,7 градусқа жеткен аптап ыстық турнир тарихында алғаш рет орын алып отыр. Осыған дейінгі «Уимблдон» турниріндегі аптапты күннің ыстығы 34,6 градус болатын. Ол 1976 жылы тіркелген.

Айта кетейік, «Уимблдон» турнирінің бүгін үшінші жарыс күні өтеді. Осыған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Диас үшінші кезеңге өткен болатын. Ол 4 шілде күні жарыс жолына шығады. Ал Ярослава Шведова ертең жұптық кезеңдегі жарысын жалғастыратын болады. 

О. Сансызбай