Қазақстан-Түркия кездесуінде алаңға «тиін адам» жүгіріп шықты (видео)

Қазақстан-Түркия кездесуінде алаңға «тиін адам» жүгіріп шықты (видео)
Фото: vesti.kz

Алматының орталық стадионында Қазақстан ұлттық құрамасы Евро-2016 іріктеуі аясында Түркия футболшыларына есе жіберіп алды. Ал кездесудің соңына қарай тиін киімін киген адам еліміздің Туын ұстап алаңға жүгіріп шықты.

Қазақстан құрамасының соңғы сәттерде гол жіберіп алғаны жанкүйерлердің өзегін өртегені анық. Таразы басын теңестіру оңай емесін сезінген жанкүйерлер енді орындарынан тұра бергенде «тиін адам» алаңға жүгіріп шығып, футболшыларға гол соғуды нұсқағандай сыңай танытты. Стадион қызметкерлері тәртіп бұзған жанкүйерді алаңнан күштеп алып шықты.

Айта кетейік, дәл осындай жағдай 2008 жылы Алматыдағы Қазақстан мен Англия арасындағы ойында да орын алған болатын. Ол жолы жанкүйер алаңға жүгіріп шыққан болатын.

Ө. Сансызбай