«Челси» - ағылшын премьер-лигасында ең көп сыйақы иеленген клуб

«Челси» - ағылшын премьер-лигасында ең көп сыйақы иеленген клуб

2014/2015 жылғы маусымда Англия премьер-лигасында чемпион атанған лондондық «Челси» ең көп сыйақыға ие болды. Нәтижесінде «ақсүйектер» ағылшын біріншілігі тарихында сыйақы мөлшері бойынша рекорд орнатты.

Ресейлік Роман Абрамовичтің клубы бұл маусымда қаржы қорын 99 миллион фунт стерлингке байытқан. Оның 24,9 миллионын премьер-лигада чемпион атанғаны үшін алса, 19,98 миллионын тікелей эфир таратылымынан иеленген. Ал ағылшындық және шетелдік арналардан түскен табыс 49,8 миллион фунт стерлингті құраған. Ал қалған 4 миллионнан астам қаржыны демеушілері төлеген.

Британдық «Daily Mail» басылымы таратқан ақпарат бойынша, «Челсиден» кейінгі орынға күміс жүлдегер «Манчестер Сити» орналасыпты. Олар 2015 жылы 98,5 миллион фунт стерлинг сыйақы алған. Үштікті тағы бір манчестерлік ұжым «Манчестер Юнайтед» қорытындылап тұр. «Қызыл сойқандардың» бұл маусымдағы табысы 96,8 миллион фунт стерлингті құраған. Манкуниандық ұжым премьер-лигада төртінші орын алғанмен, лондондық «Арсеналдан» тікелей эфир көрсетілімінің сатылымы бойынша көш ілгері болған. Ал жалпы премьер-лига клубтарының маусымдағы табысы 1,6 миллиард фунт стерлингті құрап отыр.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Коронавирус жұқтырғанда не істеу керек? – Профессорға сұрақ
Коронавирус жұқтырғанда не істеу керек? – Профессорға сұрақ
Chevrolet Malibu – әдемі дизайн мен қуатты қозғалтқыштың үйлесімі
Chevrolet Malibu – әдемі дизайн мен қуатты қозғалтқыштың үйлесімі
Коронавирусты "өлтіретін" тағамдар
Коронавирусты "өлтіретін" тағамдар
Асылан ТІЛЕГЕН. Жұмбақ қалалар
Асылан ТІЛЕГЕН. Жұмбақ қалалар
Өмірде жоқ жануардың суретімен өзіңізді таныңыз
Өмірде жоқ жануардың суретімен өзіңізді таныңыз
Үкімет шектеу шараларын 2 тамызға дейін ұзартты
Үкімет шектеу шараларын 2 тамызға дейін ұзартты