Әлемдегі жылдық табысы ең жоғары футболшылар

Әлемдегі жылдық табысы ең жоғары футболшылар
Фото: eurosport.ru

Әлемде ең көп табыс табатын мамандық иелерінің қатарына футболшылар да жатады. Жақында ғана жарияланған «Forbes» рейтингінде мадридтік «Реалдың» көшбасшысы Криштиану Роналду екінші жыл қатарынан көш бастады.

Криштиану Роналду 2014 жылы жалақы мен сыйақыларын қоса есептегенде 52,2 миллион АҚШ доллары көлемінде табысқа кенелген. 26,8 миллион долларды жарнама келісімшарттары негізінде тапқан. Нәтижесінде бір жыл ішінде 79 миллион долларға қаржы қорын молайтқан футболшы «Forbes» рейтингіндегі өз орнын сақтап қалды.

Өткен жылы ең көп қаржы тапқан ойыншылар ішінде екінші орынға Лионель Месси жайғасқан. Ол 2014 жылы 70,5 миллион доллар көлемінде қаржы тапқан. Оның 48,5 миллионы жалақысы мен сыйақысы болса, қалғанын жарнама келісімшарттарынан алған.

«Forbes» рейтингіндегі әлемдегі жылдық табысы ең жоғары футболшылардың үштігін Златан Ибрагимович қорытындылап отыр. Ол 2014 жылы 41,8 миллион қаржыға кенелген. Оның 35,8 миллионын жалақысы мен сыйақысы құраса, қалғанын жарнамадан тапқан.

Әлемдегі жылдық табысы ең жоғары футболшылар рейтингі

1. Криштиану Роналду («Реал») - 79 миллион доллар

2. Лионель Месси («Барселона») - 70,5 миллион

3. Златан Ибрагимович («ПСЖ») - 41,8 миллион

4. Гарет Бэйл («Реал») - 34,9 миллион

5. Неймар («Барселона») - 31,7 миллион

6. Радамаель Фалькао («Манчестер Юнайтед») - 31 миллион

7. Уэйн Руни («Манчестер Юнайтед») - 25,8 миллион

8. Хамес Родригес («Реал») - 25,4 миллион

9. Серхио Агуэро («Манчестер Сити») - 25,3 миллион

10. Луис Суарес («Барселона») - 19,9 миллион

О. Сансызбай