Пеле әлемнің үздік футболшысы ретінде кімді таниды?

Пеле әлемнің үздік футболшысы ретінде кімді таниды?

"Футбол королі" және үш дүркін Әлем чемпионы атағына қол жеткізген Пеле Роналдуды бүгінгі күннің ең үздік ойыншысы санайды.

"Көп жылдар аянбай еңбек етіп, жасыл алаңда алдына жан салмайтын Мессидің қазіргі қарқыны, Роналдудан аса алмайды. Бұл орынға болашақта Неймар да лайық бола алады. Жас ойыншының командалық ойыны мен басталған шабуылды нәтижелі аяқтауды жақсы меңгергені "Барселона" командасына тағы да биіктен көрінуге мүмкіндік береді. Және келесі Әлем чемпионатында Бразилия құрамасына жеңіс сыйлап, футбол кестесіндегі орынын қайта қалпына келтіреді деген сенімім бар", - дейді ол.

Күллі әлемді өзінің ойынымен таңқалдырған Пеле футболдағы мансабында "Уэмбли" стадионында жасыл алаңға шықпағанына, және Олимпиада ойындарына қатыспағанына қатты өкінеді.  

Сурет:sostav.ua

Оқи отырыңыз:

Роналду журналистерге байкот жариялады

Чемпиондар лигасы. «Реал» өз алаңында жеңіліп қалды

Ирина Шейк Роналдумен неге айырылысқанын хабарлады

B. ZHAQSYMBET