Роналду балауыздан жасалған мүсінінің шашын қидыртып тұрады

Роналду балауыздан жасалған мүсінінің шашын қидыртып тұрады

Футболдан «Реал» шабуылшысы Криштиану Роналду балауыздан жасалған мүсінінің (восковая фигура) шашын қидыртып тұрады. Ол өзінің жеке шаштараз қызметкерін Мадрид қаласындағы мұражайға арнайы ай сайын жұмсайды екен.

Португалдық футболшының бұл әрекеті туралы мұражайдың баспасөз қызметкері Гонсало Преса хабарлаған. Оның испан басылымдарына берген сұқбатында, Роналдуға балауыздан жасалған мүсінінің шаш үлгісі басында ұнамай қалғанын айтқан. Кейіннен өзі шаш үлгісін ауыстырғанда мұражайдағы мүсінінің де шаш үлгісін ұмыт қалдырмайтын болыпты.

- Криштиану бізге балауыздан жасалған мүсінінің ғажап жасалғанын айтқан. Ол айына бір рет жеке шаштараз қызметкерін бізге жіберіп тұрады. Ол келіп футболшы мүсінінің шашын реттеп, футболшының соңғы шаш қою үлгісіне сай қиып кетеді. Роналду мүсініне жасанды шаш қойылмаған. Біз оны Үндістаннан арнайы алдырғанбыз. Иә, бірақ ол өспейді, - деген Гонсало Преса.

Айта кетейік, жақында ғана Криштиану Роналду Еуропа чемпионаттарында бес маусым қатарынан 30 голдан артық нәтиже тіркеген алғашқы ойыншы атанып, кезекті рекордын тіркеген еді.

Сурет: espacio360.pe

Оқи отырыңыз

Чемпиондар лигасы. «Реал» «Баварияның» рекордын қайталады

Роналду 600-ші ойынында алаңнан қуылды (видео)

Криштиану қаңғыбастың образын сомдады (видео)

Испан басылымдары Роналдуға «қалыңдық» іздей бастады

Ө. Сансызбай