Алғаш рет «Форбстың» байлар тізіміне спортшы енді

Алғаш рет «Форбстың» байлар тізіміне спортшы енді

Атақты баскетболшы Майкл Джордан «Форбс» тізіміне енген алғашқы спортшы атанды. 

«Чикаго» клубының» бұрынғы ойыншысы карьерасын 2003 жылы аяқтаған еді. Джордан «Форбстың» тізіміне алғаш рет еніп отыр. Қазіргі кезде аталған байлардың рейтингісінде 289-шы болып тұр.

Журнал 52 жастағы Майклдың қаржысын есептеп шығыпты. 2013 жылы кроссовкы, спорттық киімдер сатудан 2, 7 миллиард доллар пайда тапқан. Сондай-ақ, Nike компаниясымен жасаған келісімшартынан 75 миллион доллар түскен. 2010 жылы «Шарлотт Бобкэтс» клубының 80 пайызын сатып алған.

«Форбстың» бағалауы бойынша қазіргі кезде 725 миллион доллары бар көрінеді.

Айта кетейік, Джордан Американың НБА лигасының алты дүркін чемпионы болып саналды.

Дереккөз: baq.k

Сурет: gameway.com.ua

Н. Айдархан