• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Криштиану қаңғыбастың образын сомдады (видео)

Криштиану қаңғыбастың образын сомдады (видео)

Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналду қаңғыбас адамның бейнесін сомдады. Мадрид көшелерінің бірінде доппен түрлі әдіс-тәсілдер жасап, шоу көрсеткен футболшыға халық аса қатты мән бермеген.

Біршама уақыт өткеннен кейін, бет-пішінін жасанды сақалдан тазартқан Роналдуды көрген жұртшылық, ұялы телефондарына түсіре бастады. Кішкентай балаға қолтаңба қалдырып, доп сыйлаған футболшының айтуынша, бұл қойылым әлгі жеткіншекке арналған тосын сый екен. 

Сурет: ruscur.ru

B. ZHAQSYMBET
Logotype Massaget