ФИФА басшысы қандай маман болуды армандаған?

ФИФА басшысы қандай маман болуды армандаған?

ФИФА Президенті Йозеф Блаттер алда келе жатқан сайлаудан жеңілген жағдайда, радиода жұмыс істеуге ниетті екенін жеткізді.

1998 жылдан бері ФИФА Президенті болып келген Йозеф Блаттер, футболдан толықтай қол үзбегендіктен, президенттік сайлауда тағы да бақ сынап көрмек. Футбол басшысы: «Мен өз орнымнан кеткен жағдайда, радиода жұмыс жасауды көздеп отырмын. Радиода жұмыс жасау телевидениеге қарағанда абыройлы болғандықтан, осындай шешімге келдім. Сондай-ақ, бұл менің бала кезімнен бергі арманым», - деп өз ойын ашық жеткізді. 

2015 жылдың мамыр айында өтетін президенттік сайлауға қатысатын төрт үміткердің есімі белгілі болды. Олар: ФИФА-ның қазіргі Президенті Йозеф Блаттер, ФИФА-ның бұрыңғы бас секретары Жером Шампань, Иордания ханзадасы Әли бин әл-Хусейн және Франция құрамасының бұрыңғы қорғаушысы, 47-жастағы Давид Жинола.

Сурет: en.rfs.ru

B. ZHAQSYMBET