- Негізгі бет
- Бұл қызық
- «Манчестер Юнайтед» стадионын...
«Манчестер Юнайтед» стадионын тышқандар «жаулап» ала бастады
Әйгілі ағылшындық «Манчестер Юнайтед» командасының жергілікті алаңы саналатын «Олд Траффорд» стадионында тышқандар қаптап жүр. Бұл туралы британдық «The Daily Mail» басылымы хабарлап отыр.
Соңғы уақытта жергілікті жанкүйерлер мен тілшілер жасыл алаңда да тышқандардың қарасы көрінгенін байқаған. «Олд Траффорд» стадионының басшылығы да ақпараттың жалған емес екенін растап отыр. Олар да кеміргіштерден құтылудың оңай тәсілін таба алмай отырған көрінеді. Себебі, стадионның көп бөлігі ескіргендіктен, тышқандардың өмір сүруі мен көбеюіне қолайлы жағдай туып тұрса керек-ті.
«Қызыл сойқандар» стадионында кеміргіштердің көбеюі алғаш рет орын алып отырған жоқ. Осыған дейін 2006, 2010 және 2012 жылдары да «Олд Траффорд» тышқандар «шабуылына» тап болған екен.
«Олд Траффорд» стадионының негізі 1910 жылы қаланған. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары неміс әуе күштерінің шабуылы салдарынан біраз бөлігі қирап қалған. Кейіннен қайта жөндеуден өткізілген. Соңғы рет 1990 және 2000 жылдары стадион жарым жартылай жөндеуден өткен. Қазіргі таңда алаңға бір мезетте 75 765 жанкүйер кіре алады.
Сурет: fifawallpapers.com
О. Сансызбай