- Негізгі бет
- Бұл қызық
- «Adidas» компаниясы Мессидің...
«Adidas» компаниясы Мессидің «Барселонадан» кеткенін қолдайды
Германияның танымал «adidas» компаниясы Лионель Мессиді каталондық клубтан өзге командаға ауысқанын қолдап отыр. Себебі, жақында жүргізілген сауалнамаға қатысушылардың 70 пайызы аргентиналық шабуылшыны «nike» компаниясымен тығыз байланыста деп ойлаған.
Шын мәнінде, неміс компаниясы Лионель Мессиге жеке демеушілік көрсетеді. Ал «nike» болса, «Барселона» командасының техникалық демеушісі болып табылады. Енді «аdidas» компаниясы аргентиналық футболшының өздері техникалық тұрғыдан да демеушілік жасайтын клубтардың біріне ауысқанын жөн санап отыр. Сонымен қатар, Мессиді сатып алған клубқа қаржылай көмек те көрсетпек.
Айта кетейік, «аdidas» компаниясы осыған дейін «Барселонаның» экс-бапкері Хосеп Гвардиоламен де келісімшарт құрып, кейіннен мюнхендік «Баварияны» баптауына себепкер болған еді.
Сурет: youtube.com
О. Сансызбай