Әлемдегі ең жылдам футболшыларды білесіз бе?

Әлемдегі ең жылдам футболшыларды білесіз бе?

Ең жылдам футболшы кім деп ойлайсыз? Біреу Роналду десе, біреу Месси деп бәс тігуі де мүмкін. Бірақ, қазір әлемдегі ең жылдам футболшылар тізімін нидерландылық ойыншы Арьен Роббен бастап тұр.

Нидерланды ұлттық құрамасының ойыншысы Арьен Роббеннің әлем чемпионатындағы Серхио Рамосты басып озып, гол соққан сәтіндегі жылдамдығы сағатына 37 шақырымды құраған. Одан кейінгі орындарға «Манчестер Юнайтед» жартылай қорғаушысы Антонио Валенсия (35,1 км/сағ) мен «Реал» жартылай қорғаушысы Гарет Бэйл (34,7 км/сағ) жайғасқан. Ал әйгілі Криштиану Роналду бесінші орында болса, Лионель Месси одан үш саты төмен орналасқан.

Ең жылдам ойыншылар ондығы:

1. Арьен Роббен (37 км/сағ)

2. Антонио Валенсия (35,1 км/сағ)

3. Гарет Бэйл (34,7 км/сағ)

4. Аарон Леннон (33,8 км/сағ)

5. Криштиану Роналду (33,6 км/сағ)

6. Марко Ройс (32,8 км/сағ)

7. Тео Уолкотт (32,7 км/сағ)

8. Лионель Месси (32,5 км/сағ)

9. Уэйн Руни (31,2 км/сағ)

10. Франк Рибери (30,7 км/сағ)

Естеріңізге сала кетейік, әлемдегі ең жылдам спортшы – Усейн Болт. Ол 2009 жылы Берлиндегі Еуропа чемпионатында сағатына 44,72 шақырымды құрайтын жылдамдықпен жүгірген.

Жолдаған:Марғұлан Жақып

Сурет: tarafdari.com

Ө. Сансызбай