Головкин бір жыл ішінде қанша табысқа кенелді?

Головкин бір жыл ішінде қанша табысқа кенелді?

2014 жылы ең көп табысқа кенелген қазақстандықтар рейтингі жарияланды. Көш тізгінін кәсіпқой бокста ел намысын қорғап жүрген отандасымыз Геннадий Головкин бастады. Бұл ақпаратты forbes.kz сайты таратып отыр.

Сайт түзген рейтинг бойынша, GGG табысы 2013 жылғы 1 қазан мен 2014 жылғы 1 қазан аралығында өткізген жекпе-жектерінің қорытындысы бойынша есептелген. Бұл аралықта Геннадий Головкин төрт кездесу өткізген. Қараша айында Кертис Стивенсенді жеңсе, 2014 жылдың ақпан айында Осуман Адаманы, шілдеде аустарлиялық Дэниель Гилді, және қазанда Марко Антонио Рубиодан басым түскен еді. Төрт жекпе-жектің ішінде GGG соңғы мексикалық боксшымен өткізген жұдырықтасуынан кейін спорттық мансабындағы ең жоғары сыйақыны алған. Оның мөлшері - 900 000 АҚШ доллары. Сонымен қатар, сол кездесуде жерлесіміз орта салмақтағы WBA (Super) және IBO чемпиондары атағын қорғап, WBC тұжырымының уақытша чемпионы белбеуін жеңіп алған болатын. Отандасымыз төрт кездесу қорытындысы бойынша, бір жыл ішінде 2,550 миллион АҚШ доллары көлемінде табысқа кенелген.

Айта кетейік, кәсіпқой бокста ел намысын қорғап жүрген отандасымыз 32-ші шаршы алаңдағы жекпе-жегін 2015 жылдың 21-ақпанында Монакода өткізетін болады. Қарсыласы – Мартин Мюррей. Бокссүйер қауым британдық боксшыны Гена үшін аса мықты қарсылас санамайды. Оның мексикалық Марк Антонио Рубионың күйін кешіп жатса таңданбайтыны анық. Ал отандасымыздың промоутері Том Леффлер болса, британдық боксшыны орта салмақтағы әлемнің мықтыларының қатарына қосып отыр. 

Сурет: uralskweek.kz

Ө. Сансызбай