Суарес қана тістемейді...

Суарес қана тістемейді...

Париждің «ПСЖ» гандбол клубында өнер көрсететін хорват легионері Марко Копляр «Шамбери» командасымен өтіп жатқан ойында қарсыласының қолын тістеп алды.

Бойы 2 метр 11 сантиметр, салмағы 108 келі келетін Марко Копляр қарсылас команданың ойыншысы Бенжамин Жиді тістеп жарақаттаған. Төреші бұл сәтті назардан тыс қалдырмай, «ПСЖ» клубының ойыншысына кездесуді жалғастыруға рұқсат бермеген. Нәтижесінде париждік клуб 32:33 есебімен қарсыластарына есе жіберіпті. Ал, енді хорват спортшысын жеңіл жаза күтіп тұрмағаны анық.

Көптеген басылымдар Марко Копляр әрекетін Луис Суарес тәртіпсіздігімен салыстыра жазуда. Айта кетейік, Бразилияда өткен әлем чемпионатында уругвайлық шабуылшы Италия құрамасының ойыншысы Джорджио Кьелиниді тістеп алған болатын. Кейіннен ФИФА футболшыны 4 ай көлемінде алаңға шығуына шектеу қойып, ұлттық құрама сапында 9 ойынға қатыспауға жаза кескен-ді. Футболшы 25 қазан күні "эль-класико" кездесуіне шығады деп күтілуде.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: ntv.ru

Ө. Сансызбай