Альпинизм тарихын білесіз бе?

Альпинизм тарихын білесіз бе?

Альпинизм тарихы 1786 жылы Ж.Бальма мен Ф.Паккараның  Альпі тауындағы  Монблан шыңын бағындыру сәтінен басталады.

XIX ғасырдың басы шыңдарды бағындыру кезеңі деп есептеледі. Спорт түрі ретінде альпинизм Англия жерінен бастау алып, кеңінен дамыды. Британдық альпинистер Альпі тауындағы Эйгер, Гран-Жорас секілді тау шатқалдары мен көптеген шыңдарды бірінші болып бағындыра бастады. Бұл спорт түрінің қарқынды дамуына Англия елінде құрылған Альпі клубы және шетелдердегі ашылған осы клуб баламасының көмегі көп болды. Алғашында адамдар альпинизмді спорт түрінде емес, оны ғылым, әдебиет және өнер сияқты пәндердің жиынтығы ретінде тау бөктерлерін зерттеу жұмысы етіп қарастырады. Команда құрамының жеткіншектері ержүрек каһармандылығы мен төзімділігі арқасында газет-журналдарға жиі шығып, клуб атын жер көкке мәлім етті. 1862-1874 жылдары Аустрия, Швейцария, Италия, Германия және Франция мемлекеттерінде "Ұлттық альпинизм клубтары" ашылды. Аталған елдерде өрмелеу спортына арнап тауға апарар жолдар салынды, кітаптар жарық көрді, нақты карталар жасалды. Бұл спорт түрімен жол сілтеуші гид мамандығы да қатар дамыды. 1867 жылдың аяқ жағына қарай гид ассоциациясы 236 адамды құрап, 1914 жылға таман 1460 адамға жеткен.

Альпі тауын бағындыру аясы бөлек ассоциацияларда  тау жүйесі ретінде тарап жатты. «Корольдік география одағының» президенті Д. Фрешфилд 1868 жылы А. Соттаев және Д. Датосос атты әріптестерімен Үлкен Кавказдың бүйір жотасындағы ең биік шыңы "Эльбруске" бірінші болып өрлеп шыққан альпинистердің бірі болды.

Кейіннен Канада, Африка шыңдары бағындырылып, Каракорум, Гиндукуш, Гималай тауларына экспедициялар жасақталды. Альпинистер Килиманджаро, Аконгакуа, Мак-Кинли шыңдарына шығады. 1908 жылы Э.Шеклтон Антарктикадағы Эребус шыңына көтерілді.

Оқи отырыңыз:

Паркур спортын кім ойлап тапты?

Гольф ойыны қалай пайда болды?

Танымал футболшылар қандай көлік мінеді?

Олимпиада ойындарындағы медальдар қандай болған?

Әлемдік футбол жұлдыздары «жатғаламшарлықтарды» жеңді...

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет: vivar.ru

Н. Нұрмаханұлы