Пеле әлемнің 5 үздік футболшысын атады

Пеле әлемнің 5 үздік футболшысын атады

Футбол тарихындағы аты аңызға айналған бразилиялық «футбол патшасы» Пеле әлемнің 5 үздік футболшысының есімін атады. Олардың қатарына әлемнің үш дүркін чемпионын мойындамайтын Диего Марадона да еніп отыр.

Пеле тілшілерге берген сұхбатында футбол әлеміндегі ең үздік футболшылар ретінде Йохан Кройф, Бобби Мур, Франц Беккенбауэр, Диего Марадона және Зинедин Зиданды танитынын жеткізген. Қазіргі таңда бұл аталған аяқдоп шеберлері жасыл алаңда өнер көрсетпесе де, футболдан алыс жүрген жоқ. Тағы бір айта кететіні, осыған дейін аргентиналық атышулы футболшы Диего Марадона жасыл алаңға қайта ораламын деп те хабарлаған болатын.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sport.news.am

Ө. Сансызбай