Суарес жаңа бутсыны таныстырды

Суарес жаңа бутсыны таныстырды

«Ливерпуль» клубы мен Уругвай құрамасының шабуылшысы Луис Суарес Adidas компаниясының "Samba Primeknit" атты жаңа өнімін таныстырды, деп жазады Daily Mail.

Бутсы 17 наурыздан бастап сатылымға шығады және бағасы 250 фунт стерлинг тұратын болады. 

Естеріңізге сала кетсек, осы маусымда Суарес ішкі біріншілікте 22 ойынға қатысып, 23 гол соғып, 9 нәтижелі пастың авторы атанды.

 Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: dailymail.co.uk

Л. Лига