Месси Агуэро кітабының прологын жазды

Месси Агуэро кітабының прологын жазды

Ағылшындық «Манчестер Сити» командасының шабуылшысы Серхио Агуэроның автобиографиялық кітабы жарық көрді. Кітаптың прологын әйгілі футболшы Лионель Месси жазыпты. Бұл туралы испан басылымдары хабарлап отыр.

Кітаптың аты «Кун Агуэро, менің тарихым» деп аталады. Аргентиналық шабуылшы прологты Мессидің жазуы біздің достығымыздың айқын көрінісі деп отыр.

Естеріңізге сала кететін болсақ, Серхио Агуэро манчестерлік команда сапында сәтті ойындарымен көзге түсіп жүр. Аргентиналық шабуылшы ұлттық құрама сапында 5 рет халықаралық деңгейдегі жарыстарға шақырылды. Оның төртеуінде негізгі құрамда шығып, 3 голдың авторы атанған.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.ru

Ө. Сансызбай