Франция – әлем чемпионы

Франция – әлем чемпионы

Франция құрамасы 21-ші Әлем чемпионатында Хорватия құрамасын 4:2 есебімен жеңіп, екі дүркін әлем чемпионы атанды. 

Алыспай беріспейтін командалар қатысқан 2018 жылдың финалы өте тартысты өтті. Бұл ойын көп гол соғылған финалдардың бірі болды. 

Матч басында Хорватия құрамасы ойын тізгінін бермей, қарсыласын қақпасына жақындатпады. Тіпті андыздап ұмтылып, жойқын шабуылдар жасай бастады. Сөйтіп жүргенде 18 минутта Даниэль Субашич қақпасына қауіпті айып добы белгіленді. Оны Антуан Гризманн орындап, айып алаңына асырды. Қарбаласқан сәтте Марио Манджукич допты кері қайтармақ болып, өз қақпасына гол кіргізіп алды. Есеп 1:0. 

Араға 10 минут салып Хорватия құрамасы есепті теңестірді. Домагой Видадан пас алған Иван Перишич дәл соққы бағыттап, Уго Льористі қапы қалдырды.

Француздар есеп теңесе салысымен шабуылда белсене бастады. Ойынның 35 минутында Иван Перишич өз айып алаңында допты қолына тигізіп алды. Төреші Нестор Питана VAR көмегіне жүгінді. Нәтижесінде Хорватия қақпасына пенальти белгіленіп, оны Антуан Гризманн сәтті орындады. 

Екінші таймда да командалар ойын қарқынын бәсеңдеткен жоқ. Әсіресе Килиан Мбаппе жылдам кросстарымен Хорватия қорғанысын әбігерге түсіріп, қауіпті сәттер жасай бастады. Сондай шабуылдардың бірінде жартылай қорғаушы Поль Погба есепті еселеді. Бірінші бағыттаған соққысы кейін қайтып, екінші мүмкіндігін сәтті пайдаланды. Есеп 3:1. Франция сенімді ойнай бастады. 

Финалда 3 гол өткізіп алу оңай емес, Хорватия құрамасы ойын тізгінін уысынан шығарып алды. Матчтың 65 минутында Килиан Мбаппе алыстан соққы бағыттап, есепті 4:1-ге жеткізді. 

Француздар бұл голдан кейін өздерінің чемпион атанғандарын сезген болу керек, алаңда еркін жүгіріп, ойқастай бастады. Оны қақпашы Уго Льористің қателігінен де байқауға болады. 69 минутта Самуэль Юмтити қақпашыға пас берді, себебі допқа қарай Марио Манджукич ентелеп жүгіріп келе жатты. Ал Уго Льорис қитұрқы пас берем деп қателікке жол берді. Осылайша Марио Манджукич Хорватияның екінші голын соқты. Есеп 4:2. 

Кездесу соңына дейін осы есеп өзгеріссіз қалып, Франция әлем чемпионы атанды. Француздар араға 20 жыл салып әлем кубогын төбелеріне қайта көтерді. 

Кездесу хаттамасы

Франция құрамасы: Льорис, Бенджамин Павар, Рафаэль Варан, Самюель Юмтити, Лука Эрнандес, Поль Погба, Н Голо Канте (Стивен Н Зонзи, 55), Блез Матюиди (Корентен Толиссо, 73), Антуан Гризманн, Оливье Жиру (Набиль Фекир, 81), Килиан Мбаппе.

Бас бапкер: Дидье Дешам. 

Хорватия құрамасы: Даниэль Субашич, Шиме Врсалько, Иван Стринич (Марко Пьяца, 81), Деян Ловрен, Домагой Вида, Иван Ракитич, Лука Модрич, Марцело Брозович, Иван Перишич, Марио Манджукич, Анте Ребич (Андрей Крамарич, 71). 

Бас бапкер: Златко Далич. 

Ескерту: Н Голо Канте, 27, Лука Эрнандес, 41, Шиме Врсалько, 90+2. 

Гол соққандар: Марио Манджукич, 18 (автогол), Иван Перишич, 28, Антуан Гризманн, 38 (П), Поль Погба, 59, Килиан Мбаппе, 65, Марио Манджукич, 69.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Мұхиттағы ең үлкен "қоқыс аралы" Франция көлемімен теңесті
Мұхиттағы ең үлкен "қоқыс аралы" Франция көлемімен теңесті
Абайдың шығармалары дүниежүзінің 10 тіліне аударылды
Абайдың шығармалары дүниежүзінің 10 тіліне аударылды
Израильде 1,5 миллион долларлық медициналық маска жасалды
Израильде 1,5 миллион долларлық медициналық маска жасалды
Тарихтағы ең ұзақ соғыстар
Тарихтағы ең ұзақ соғыстар
ER-BATYR. Мақсұт Жұмаев отбасылық құндылық пен тау шыңдарын бағындыру туралы айтады
ER-BATYR. Мақсұт Жұмаев отбасылық құндылық пен тау шыңдарын бағындыру туралы айтады
Абайдың мерейтойына орай монеталар шықты
Абайдың мерейтойына орай монеталар шықты