Бразилия мен Швейцария құрамалары тең түсті

Бразилия мен Швейцария құрамалары тең түсті
Фото: vk.com

Әлем чемпионатының "Е" тобындағы Бразилия мен Швейцария құрамалары арасындағы ойын тең есеппен аяқталды. Ростовта өткен кездесуде 1:1 есебі тіркелді.

Пентакампеондар сапынан 20 минутта Филиппе Коутиньо гол соқты. Оның алыстан шиіре тепкен добын швецариялық қақпашы Янн Зоммер қайтара алмады.

Екінші таймда Швейцария құрамасы есепті теңестіріп, нәтижені сақтап қалды. Бұрыштамадан асырылған допқа бірінші жеткен Стивен Цувер таразы басын теңестіре білді. Неймарға қарсы дөрекі ойнаған бірнеше швейцариялық қорғаушы сары қағаз да алды.

Айта кетейік, бұл топтағы екінші ойында Сербия Коста-Риканы 1:0 есебімен ұтқан болатын.

Ө. Сансызбай