Сербтер алғашқы 3 ұпайын алды

Сербтер алғашқы 3 ұпайын алды
Фото: vk.com

"Е" тобындағы алғашқы ойында Сербия құрамасы Коста-Риканы 1:0 есебімен ұтып, 3 ұпайға ие болды.

Екі команда арасындағы ойын ойын Самара қаласында өтті. Ойынның бірінші таймында командалар гол соға алған жоқ.

56 минутта Александр Коларовтың айып соққысынан тепкен добын Коста-Рика құрамасының қақпашысы Кейлор Навас қайтара алмады. Асқан жылдамдықпен келген доп қақпа торында тулады.

Осыдан 4 жыл бұрын Бразилияда өткен мундиальда коста-рикалықтар нағыз сенсация жасаған еді. Англия, Италия мен Уругвай құрамаларын артта қалдырып, топта бірінші орын алды. 1/8 финалда Грекия құрамасын жарыс жолынан шығарды. Ширек финалда Нидерланд құрамасымен тең ойнап, пенальти сериясында ғана есе жіберген еді.

Бұл топтағы Швейцария мен Бразилия құрамалары арасындағы ойын Астана уақытымен түнгі сағат 00:00-де басталады.

Айта кетейік, Массагет порталы болжамдар бәйгесін ұйымдастырып жатыр. Сербия мен Коста-Рика құрамалары арасындағы ойын есебін 17 қатысушы дәл тапты. 

О. Сансызбай