Қазақстан туын шатастырған. Әлеуметтік желіде Дания ұлттық құрамасының жазбасына қатысты дау туды

Қазақстан туын шатастырған. Әлеуметтік желіде Дания ұлттық құрамасының жазбасына қатысты дау туды
Фото: instagram/herrelandsholdet

Футболдан Дания құрамасының Қазақстан туы бейнеленген посты желіде дау тудырды. Бұл туралы Vesti.kz жазды.

Қазақстан туының дизайнын көріп көпшілік абдырап қалды. Посттың астына бірнеше пікір жазылғаннан соң ғана даниялықтар Қазақстанның нағыз туын қайта шығарды.

Бұл ғаламтордағы орындарда кездесетін қазақ туының бейнелеу стилінің бірі ғана болса керек.

Мысалы, Швейцарияда орналасқан Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының (ХҚҰҰ) сайтында Қазақстанның туы осындай стильде бейнеленген.

Тудың дәл осындай нұсқасы ресейлік спорт сайттарының бірінде қолданылған.

Ту Қазақстанның шын мәніндегі мемлекеттік рәмізіне шынымен де ұқсамайды.  Дания құрамасы басқа елдер туралы жазба жариялағанда туларын шатастырмаған.

Т. Раушанұлы