Әлем чемпионатының финалында Ләззат Күнгейбаева Африка чемпионымен кездеседі

Әлем чемпионатының финалында Ләззат Күнгейбаева Африка чемпионымен кездеседі
Фото: olympic.kz

Бүгін Нью-Делиде (Үндістан) бокстан әйелдер арасындағы 2023 жылғы әлем чемпионатының соңғы күнінің жекпе-жегі өтеді.

Финалдағы соңғы жұп 81 келіден жоғары салмақта қазақстандық Ләззат Күнгейбаева болады. Оның қарсыласы әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері (2022 жылы күміс, 2019 жылы қола), 2022 жылғы Африка чемпионы және 2019 жылғы Африка ойындарының чемпионы марокколық Марди Хадиджа.

Жекпе-жек Астана уақытымен сағат 18:30-да басталады деп жоспарланған, оны Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Т. Раушанұлы