"Странджа – 2023". Өзбек боксшысын жеңген Оразбек Асылқұлов жүлделі орынға ілікті

"Странджа – 2023". Өзбек боксшысын жеңген Оразбек Асылқұлов жүлделі орынға ілікті

Қазақстандық боксшы Оразбек Асылқұлов Болгарияда өтіп жатқан "Странджа" халықаралық турнирінің жартылай финалына шықты. Отандасымыз ширек финалда өзбек боксшысы Әбдімәлік Халоковтан айласын асырды. 

57 килоға дейінгі салмақтағы жекпе-жек тартысты өтті. Екі боксшы да жеңіс үшін аянып қалмады. Бір-бірінің қытығына тиетін қылықтары үшін де ескерту алды. Кездесу қорытындысы бойынша отандасымыз жеңіске жетті. 

Оразбек Асылқұлов жартылай финалға шығып, кемі қола медальға қол жеткізді. 

Алдағы уақытта Нұрқанат Райыс пен Бекзат Нұрдәулетов шаршы алаңға шығады.

Ө. Сансызбай