"Челсидің" экс-футболшысы Түркияда өлі табылды

"Челсидің" экс-футболшысы Түркияда өлі табылды
Фото: sozcu.com.tr

Түркиялық "Хатайспор" командасының мүшесі, ганалық футболшы Кристиан Атсу жер сілкінісінен кейін үйінділер астында өлі табылды. Бұл туралы жартылай қорғаушының агенті Мурат Узунмехмет айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сәлтеме жасап.

"Өкінішке қарай, Кристиан Атсу өлі табылды", - деді Узунмехмет Twitter-парақшасында. 

31 жастағы Атсу былтырдан бері "Хатайспор" құрамында болған. Сонымен қатар, ол "Порту", "Риу Аве", "Челси", "Эвертон", "Борнмут", "Ньюкасл", "Витесс" және "Малагу" командасының құрамында ойнаған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина