Бибісара Асаубаева әйгілі ресейлік гроссмейстерді ұтты

Бибісара Асаубаева әйгілі ресейлік гроссмейстерді ұтты

Шахматтың блиц түрінен екі дүркін Әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Мәскеуде өтіп жатқан халықаралық жарыста әйгілі ресейлік гроссмейстер Сергей Карякинді ұтты, - деп хабарлайды Tengri Sport

"Шахмат жұлдыздары" жарысында рапидтен басты фаворит саналған Сергейді ұтқан жалғыз біздің отандасымыз болды. Осылайша, жарыстағы басты сенсацияның бірін тіркеді. 

- Жарыс ұйымдастырушылары айтқандай, Бибісара жай чемпион емес екенін байқатқан. Оның ойыны жарыстың көрігін қыздырды, үлкен эмоция мен ерекше нәтиже көрсетті, - деп жазылған хабарламада. 

Ресейлік гроссмейстер жеңілісін мойындап: "Мен әлем чемпионынан жеңілдім, өте жақсы ойнайды екен" - деді Карякин. 

Жарыстың ресми сайтында жазылғандай, Бибісара турнир басталуға екі күн қалғанда шақыртылып, танымал шахматшы Владимир Крамникті алмастырған. 

Рапид жарысынан кейін Бибісара ерекше ойын көрсететін блиц сайысы басталады. Ойындар 28 және 30 қаңтарда өтеді. 

Шахмат жұлдыздары қатысып жатқан турнирдің жүлде қоры 15 миллион рубльді құрайды. Сергей Карякиннен бөлек Александр Грищук, Теймур Раджабов, Франсиско Вальехо, Владислав Артемьев, Екатерина Лагно секілді өзге де танымал шахматшылар қатысуда.

Спорт эмоцияларының бас демеушісі – 1XBET компаниясымен чемпионды бірге таңдайық!

Н. Үсенова