Елена Рыбакина Australian Open жарысының финалына шықты

Елена Рыбакина Australian Open жарысының финалына шықты
Фото: © Lusa

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Мельбурнде өтіп жатқан Australian Open – 2023 жарысының финалына шықты. Отандасымыз жартылай финалда Беларусь спортшысы Виктория Азаренкодан басым түсті. 

1 сағат 42 минутқа созылған ойында Елена 7:6 және 6:3 есебімен екі сетте-ақ жеңіске жетті. Осылайша, "Үлкен дулыға" санатындағы жарыста топ жаруға бір табан жақындай түсті. 

Елена Рыбакина – Australian Open жарысының финалына шыққан алғашқы қазақстандық теннисші.  Бұған дейін "Үлкен дулыға" санатына енетін "Уимблдон" жарысында топ жарған. 

Спорт эмоцияларының бас демеушісі – 1XBET компаниясымен чемпионды бірге таңдайық!

Н. Үсенова