Мбаппенің Нью-Йорктегі бетпердесі жанкүйерлерін күлдірді

Мбаппенің Нью-Йорктегі бетпердесі жанкүйерлерін күлдірді

"Пари Сен-Жермен" футболшылары Киллиан Мбаппе мен Ашраф Хакими Нью-Йорктегі ең қарбалас көшеде жанкүйерлерінен жасырынуға тырысты, - деп хабарлайды Tengri Sport

Ешкімге көрінбеу үшін футболшылар керемет камуфляж жасап алған: көзі көрінетіндей бетперде таққан. Олардың бұл жоспары сәтсіздікке ұшыраған, өйткені әлем чемпионаты жұлдыздарының видеосы Желіде тарап кетті.

Желі қолданушылары видеоға түрлі пікір жазған.

"Неліктен барлығы Мбаппе мен Хакими туралы жазып жатыр? Олар бұл видеода жоқ! Мен ешкімді көрмедім", "Мбаппе өзін ниндзя тасбақамын деп санайды", - деп жазған Желідегілер.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова