Бразилияда Пеленің қазасына байланысты үш күн аза тұту күні жарияланды: Тоқаев көңіл айтты

Бразилияда Пеленің қазасына байланысты үш күн аза тұту күні жарияланды: Тоқаев көңіл айтты
Фото: Instagram/pele

Бразилияда Пеленің қазасына байланысты үшкүндік аза тұту күні жарияланды. Ал Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Пеленің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев даңқты футболшы, үш дүркін әлем чемпионы Пеленің қайтыс болуына байланысты Бразилия Президенті Жаир Болсонаруға көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы футбол тарихындағы ұлы спортшылардың бірі ретінде оның футболды бүкіл әлемге танытуға зор үлес қосқанын атап өтті.

Президенттің айтуынша, Пеле әрқашан футболға деген адалдықтың символы әрі жанкүйерлердің сүйікті футболшысы болды және солай болып қала береді. Сондай-ақ ол спорттың осы түрін ең жоғары деңгейге көтерді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш