Данияр Елеусінов әлем чемпионы атағынан айырылды

Данияр Елеусінов әлем чемпионы атағынан айырылды
Фото: vesti.kz

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) Халықаралық бокс ұйымының (IBO) нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі IBO-ның ресми сайтына сілтеме жасап. 

Бүгінде Елеусінов IBO сайтындағы әлем чемпиондарының тізімінде жоқ. 

Данияр Елеусінов соңғы жекпе-жегін былтыр 18 желтоқсанда Астанада өткізіп, аргентиналық Хуан Эрнан Леалды (15-3, 4 КО) жеңіп, IBO чемпионы атағын жеңіп алған болатын.

Айта кетейік, Елеусіновтің әлем чемпионы атағынан айырылуы ұзақ уақыт жекпе-жекке шықпауымен байланысты болуы мүмкін. Ал IBO шарты бойынша, әр салмақ категориясы бойынша тоғыз ай сайын жекпе-жекке шығуы керек. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина