Месси - рекорд авторы. Катардағы әлем чемпионатының алғашқы финалисі белгілі болды

Месси - рекорд авторы. Катардағы әлем чемпионатының алғашқы финалисі белгілі болды
Фото: Reuters

Аргентина құрамасы Катардағы әлем чемпионатының финалына жолдама алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жартылай финалда аргентиналықтар Хорватиямен кездесті. Лионель Месси бастаған команда 2018 жылғы әлемнің вице-чемпионын тас-талқан етті.

34-минутта Лионель Месси пенальтиден есеп ашты. Араға бес минут салып Хулиан Альварес хорваттардың бірнеше қорғаушысынан өтіп, есепті еселеді.

Үзілістен кейін Хорватия сапында бірден үш ойыншы тыңнан алаңға шықты. Бірақ есепті қысқарта алмады. Керісінше, 69-минутта Альварес Мессидің пасынан кейін тағы бір гол соқты. Қорытынды есеп - 3:0, Аргентина финалға шықты.

Месси әлем чемпионаттарындағы 11-голын соғып, Аргентина құрамасының мундиальдегі үздік сұрмергені атанды. Сонымен қатар, ол әлем чемпионатындағы 25-матчін өткізіп, Лотар Маттеустің рекордын қайталады.

Енді Аргентина финалда Франция - Марокко матчінің жеңімпазымен кездеседі.  

@massaget.kz #әлемчемпионаты#чемпионатмира#хорватия#аргентина#месси#жаңалық#рек#катар#2022#хочуврек ♬ оригинальный звук - Massaget.kz

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш