Қазақ боксының аңызы дүниеден өтті

Қазақ боксының аңызы дүниеден өтті
Фото: Видеодан алынған кадр

Қазақ боксының еңбек сіңірген бапкері Феликс Цой 82 жасында өмірден өтті. Өлім себебі айтылмады, - деп хабарлайды Tengri Sport.

Феликс Цойдың шәкірттері, танымал спортшылар Ангелина Лукас пен Фируза Шарипова бапкердің отбасына көңіл айтты.

"Қазақстанда бокстың дамуына бапкер Феликс Тихонович Цой зор үлес қосты. Оның шәкірттері: Рашид Кабиров, Болат Жұмаділов, Бақтияр Тілегенов. Қазіргі рингтегі өнерімді бапкерім үйретті. Ол - менің алғашқы тәлімгерім мен бапкерім. Оның әр сөзі, әр кеңесі есімде... Әр жекпе-жектегі және әр жекпе-жек алдындағы әңгімеміз есімде! Феликс Тихонович - Аңыз! Мен сізбен жұмыс істегеніме мақтанамын, сізді қатты жақсы көрдім, мәңгі есімдесіз", - деп жазды Ангелина Лукас парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Angelina Lukas (@angelina_lukas1997)

Фируза Шарипова Цойдан тәлім алған алғашқы қыз екенін айтты.

"Ол маған жеңілсең де, қарсылас көзіне тіке қарау керек екенін айтатын. Ешқашан көңіліңді түсірмеуді, жеңіске сенуді айтатын. Мен үшін ауыр қайғы, жүрегім ауырып барады", - деп жазған спортшы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ???????? (@sharipova_firuza)

Prosports.kz басылымының мәліметінше, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысымен қоштасу рәсімі 13 желтоқсанда Таразда (сағат 12:00, Төле би көшесі, 76) өтеді.

Феликс Цой - Жамбыл облысының құрметті азаматы. Ол 1996 және 2000 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, әлем чемпионаттарының жүлдегері (алтын 1999, күміс 1995, қола 1997) Болат Жұмаділовтің бапкері болды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек